Өткізілген іс-шаралар

Новости каз, Өткізілген іс-шаралар

«Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігі: жұмыстың мазмұны, формалары мен әдістері» тақырыбында семинар-практикум өтті

  Орталық базасында білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарына арналған «Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігі: жұмыстың мазмұны, формалары мен әдістері» тақырыбында офлайн және онлайн ZOOM форматында облыстық семинар-практикум өтті. Орталық директоры Меруерт Жұбандықова семинарға қатысушыларға алғы сөз сөйлеп, облыстық семинар-практикумның маңыздылығына тоқталып, «Mental Health» бірыңғай жүйесімен жұмысты әлеуметтік педагогтердің күнделікті кәсіби қызметімен байланыстырудың маңыздылығын атап өтті. Семинарға директордың орынбасары Лаура Бердибекова, бөлім меңгерушісі Гүлнұр Советова, әдіскер Айдана Мырзаханова, әлеуметтік педагог Ира Дарменова және спикерлер Эльмира Калдыгулова Ойыл ауданы Құрман орта мектебінің әлеуметтік педагогі  және Гаухар Құлжанова №78 жоғары орта білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі қатысты. Сонымен қатар Эльмира Калдыгулова Ойыл ауданы, Құрман орта мектебінің әлеуметтік педагогі және Гаухар Құлжанова №78 жоғары орта білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі  қатысушылар арасында кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, балаларды қолдау мен сүйемелдеудің тиімді практикалық тәжірибелері мен әдістемелік тәсілдерін ортаға салды.

Новости каз, Өткізілген іс-шаралар

«Цифрлық детокс: телефонсыз өмір тәжірибесі»

  Психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру және цифрлық орта жағдайында білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға бағытталған практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында «Цифрлық детокс: телефонсыз өмір тәжірибесі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында цифрлық құрылғыларды шамадан тыс пайдаланудың психологиялық ерекшеліктері, дофамин мен телефонды қолдану арасындағы байланыс, экран уақытын тиімді басқару және цифрлық тәуелділіктің алдын алу мәселелері қарастырылды. Іс-шараны орталық директоры М. Жұбандықова ашып, бөлім басшысы Г. Советова дофамин және смартфонды пайдаланудың психологиялық әсері туралы ақпарат берді. Психолог Н. Қалданова телефонды қолданудың тиімді жақтарына тоқталса, А. Алданова практикалық сергіту жаттығуын өткізді. 🔹 Семинар-практикум соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Новости каз, Өткізілген іс-шаралар

“Буллингтің алдын алу мақсатында ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

22 мамыр  күні Ақтөбе құрылыс техникалық колледжінің 1-2 курс студенттеріне “Буллингтің алдын алу мақсатында ақпарттық түсіндірме  жұмыстары жүргізілді. 26 мамыр күні Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжінің 1-2 курс білім алушыларына буллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өткізілген іс-шаралар

Отбасы бақыт мекені

Орталық әдіскері Л.Бердібекова №19 орта мектебінде 7 сынып білім алушыларына арнап «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында тренинг сабақ өткізді. Мақсаты: Педагог кадрлер мен білім алушылардың жеке және кәсіби құндылықтарын айқындау, өмірлік ұстанымдарын саралау, өз-өзін тануға және тұлғалық дамуға бағыттау. Тренинг барысында « өзін тану», «менің бойымдағы құндылықтар» сияқты жаттығулар ұйымдастырылды. Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, бір-біріне жылы сөздер айтып, өзара мейірім, адалдық, отбасындағы татулық, сыйластық, ауызбіршілік  аясында өз ойларымен бөлісіп, шығармашылықпен жұмыс жасады. Тренинг сабақ қатысушылар арасында сыйластық, ауызбіршілік, сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.

Өткізілген іс-шаралар

Ерекше білім беретін балалардың дамуына қолдау көрсету

Ақтөбе қаласы, №40 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ата-аналар мен мамандардың бірлескен ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға»JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері,  педагогика ғылымдарының магистрі — Бердибекова Лаура Куантаевна, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация КММ-нің   врач- психиатры Удербаева Гаухар Мелисовна, логопед —  Джумабаева Мамик  Молдашевна, психолог- Жубалова  Динара  Марзабаевна, дефектолог — Кульжанова Айгуль  Адельжановна,  АО «Отбасы банк» маманы — Снасапина Альбина Сергалиевна,  ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары,  мектеп әкімшілігі, педагогтар, психологтар, дефектологтар қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың жеке дамуын қолдау жолдарын талқылау, ата-аналар мен мамандар арасындағы тиімді серіктестікті қалыптастыру және тәжірибе алмасу болды. Шара барысында қатысушылар ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қолдаудың түрлерін, оқу-тәрбие процесіндегі бірлескен жұмыстың маңызын және тиімді әдістерді қарастырды. Сонымен қатар ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандардан ұсыныстар алды. Дөңгелек үстел ата-аналар мен мамандар арасындағы өзара түсіністікті арттырып, бала дамуына бағытталған ортақ міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.

Өткізілген іс-шаралар

Жастар спорт жұлдыздарымен кездесу

Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын, келеңсіз оқиғалардың алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алға ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 қараша күні «ЖАҚСЫ АДАМ БОЛ!» тақырыбында еліміздің танымал спорт майталмандары мен жасөспірімдердің кездесу кеші ұйымдастырылды. Жұлдызды меймандар ДАСТАН АМАНГЕЛДІ- ММА-ден Қазақстан Республикасының 3 дүркін Чемпионы, Әлем және Азия Чемпионаттарының жүлдегері, NAIZA Лигасының үш дүркін Чемпионы, қазіргі уақытта Еуропаның ең мықты промоушынында өнер көрсетіп жүрген жауынгер. ТЫНЫШТЫҚ ЖӘНІБЕК — жекпе-жектен Қазақстан Республикасының 4 дүркін Чемпионы, ММА-ден Әлем чемпионатының кола жүлдегері және Еуропа чемпионы. ALASH прайд Лигасында жаңа белбеуге үміткер. БУРКУТАЛИН ЕРКІНҒАЛИ- ММА-ден Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, армиялық жекпе-жектен ТМД елдері арасында чемпион. МУРАД АБДУРАХМАНОВ- қазақ ММА-ның аңызы.Кәсіби мансабында 11 рет жеңіске жетіп, оның 9-н нокаутпен аяқтады.ММА-ден Әлем Чемпионы. “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Бердибекова Лаура Куантаевна.

Өткізілген іс-шаралар

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі — Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызымен кездесу

2025 жылғы 24 қазан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің ұсынысының негізінде «Білім бару ұйымдарындағы бала құқықтарын қорғау омбудсмен жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында оқыту тренингі өтті. Мақсаты: Білім беру ұйымдарында бала құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, омбудсмен қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру, қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз және қолайлы білім алу ортасын қамтамасыз ету бойынша тиімді іс-әрекеттерді үйрету. Шараға Ақтөбе қаласының 31 мектебінен және 4 ауданнан бала өкілдері мен жетекшілері қатысты, қалған аудандардың балалары ЗУМ арқылы онлайн тыңдады. ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі —  Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызы «Адам құқықтарын қорғау. Омбудсмен әлеуеті» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Ол қатысушыларға адам құқықтарының мәні мен маңызы, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық және халықаралық тетіктер туралы толық мазмұнды ақпарат берді. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы бала құқықтарын қорғау омбудсменінің рөлі мен қызметінің ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың өз құқықтарын білу және қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті. Тренинг барысында орталық мамандары балалармен түрлі интерактивті тапсырмалар, пікірталас және топтық жұмыстар ұйымдастырып, өмірлік жағдаяттар арқылы құқықтық сауаттылықтарын арттырып, әр адамның жеке шекарасы туралы жаттығулар жасады. Шара соңында қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, адам құқықтарын қорғауда әркімнің жауапкершілігі зор екенін түсініп, өз құқықтарын құрметтеу мен өзгенің құқығын сақтаудың маңызын айқын ұғынды.

Өткізілген іс-шаралар

Мен және менің құндылықтарым

Орталық әдіскері Л.Бердібекова Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінің педагог кадрлеріне және 4 курс білім алушыларына «Мен және менің құндылықтарым» тақырыбында танымдық сабағын өткізді. Мақсаты: Педагог кадрлер мен білім алушылардың жеке және кәсіби құндылықтарын айқындау, өмірлік ұстанымдарын саралау, өз-өзін тануға және тұлғалық дамуға бағыттау. Тренинг барысында « өзін тану», «менің бойымдағы құндылықтар», «энергия түрлері» сияқты жаттығулар ұйымдастырылды. Педагогтер, білім алушылар сабаққа белсене қатысып, өз ойларымен еркін бөлісті. Бір-біріне жылы сөздер айтып, өз бойларындағы құндылықтарды тани білді. Танымдық сабақ қатысушылар арасында сыйластық, ауызбіршілік, сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.

Өткізілген іс-шаралар

10-сынып оқушыларына арналған «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбындағы іс-шара

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 7 қараша күні №23 орта мектеп-лицейдің 10-сынып оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында психологиялық кездесу өткізілді. Іс-шараны орталықтың әдіскері Б. Космагамбетова жүргізді. Кездесу барысында оқушыларға өмірдің құндылығы, қауіпсіз және саналы мінез-құлық ұстанымы, эмоцияларды басқару, қиындықтарды еңсеру жолдары және жауапкершілікпен шешім қабылдау мәселелері бойынша ақпарат берілді. Топтық талқылау, ойын-тренинг элементтері, жағдаяттық тапсырмалар қолданылып, оқушылар белсенді қатысып отырды. Сонымен қатар оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Іс-шара жасөспірімдердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға, өзін бағалау мен өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Өткізілген іс-шаралар

«Бала – ата-ананың айнасы, ата-ана – баланың тірегі»

25 қазан 2025 жылы 25 қазан 2025 жылы Ойыл ауданында, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы және Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде «Бала – ата-ананың айнасы, ата-ана – баланың тірегі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті. Семинарға орталықтың бөлім басшысы Медеухан Тобышовна қатысып, ата-аналарға арналған секциялық отырыста бала тәрбиесі, құқықтық сауаттылық, отбасындағы өзара сенім мен түсіністік, ұлттық және адами құндылықтарға байланысты маңызды мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы тиімді коммуникация, баланың психологиялық қауіпсіздігі және отбасындағы рөлдік үйлесімділік туралы құнды пікірлерімен бөлісті. Орталықтың әдіскері Ботагөз Айтпаевна жасөспірімдер психологиясы, кезеңдік даму ерекшеліктері, құрдастар қысымына қарсы тұру дағдылары, баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру жолдары жөнінде мазмұнды тренинг өткізді. Оқушылармен психологиялық жаттығулар жүргізіп, олардың өзін-өзі тануына, тұлғалық дамуына ықпал ететін практикалық әдістер ұсынды. Семинар барысында ата-аналар, ұстаздар және оқушылар арасында пікір алмасу, тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар отбасындағы тәрбиенің жаңа форматтары, бала тұлғасын қолдаудың заманауи әдістері, мектеп пен ата-ана серіктестігін нығайту жолдары жөнінде маңызды ақпарат алды. Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, бұл семинардың маңыздылығы мен қажеттілігі атап өтілді

Scroll to Top