Басты бет / 10-сынып оқушыларына арналған «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбындағы іс-шара

10-сынып оқушыларына арналған «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбындағы іс-шара

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 7 қараша күні №23 орта мектеп-лицейдің 10-сынып оқушыларымен «Мен өмірді таңдаймын» тақырыбында психологиялық кездесу өткізілді. Іс-шараны орталықтың әдіскері Б. Космагамбетова жүргізді.

Кездесу барысында оқушыларға өмірдің құндылығы, қауіпсіз және саналы мінез-құлық ұстанымы, эмоцияларды басқару, қиындықтарды еңсеру жолдары және жауапкершілікпен шешім қабылдау мәселелері бойынша ақпарат берілді. Топтық талқылау, ойын-тренинг элементтері, жағдаяттық тапсырмалар қолданылып, оқушылар белсенді қатысып отырды.

Сонымен қатар оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарды қойып, маманнан нақты жауаптар алды. Іс-шара жасөспірімдердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға, өзін бағалау мен өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау дағдыларын дамытуға ықпал етті.

Scroll to Top