25 қазан 2025 жылы
25 қазан 2025 жылы Ойыл ауданында, Ш.Бекмұхамбетова атындағы мектеп-гимназиясы және Ж.Жүсібалиев атындағы Ойыл қазақ орта мектебінде «Бала – ата-ананың айнасы, ата-ана – баланың тірегі» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
Семинарға орталықтың бөлім басшысы Медеухан Тобышовна қатысып, ата-аналарға арналған секциялық отырыста бала тәрбиесі, құқықтық сауаттылық, отбасындағы өзара сенім мен түсіністік, ұлттық және адами құндылықтарға байланысты маңызды мәселелерді көтерді. Сонымен қатар, ата-ана мен бала арасындағы тиімді коммуникация, баланың психологиялық қауіпсіздігі және отбасындағы рөлдік үйлесімділік туралы құнды пікірлерімен бөлісті.
Орталықтың әдіскері Ботагөз Айтпаевна жасөспірімдер психологиясы, кезеңдік даму ерекшеліктері, құрдастар қысымына қарсы тұру дағдылары, баланың өз-өзіне деген сенімін қалыптастыру жолдары жөнінде мазмұнды тренинг өткізді. Оқушылармен психологиялық жаттығулар жүргізіп, олардың өзін-өзі тануына, тұлғалық дамуына ықпал ететін практикалық әдістер ұсынды.
Семинар барысында ата-аналар, ұстаздар және оқушылар арасында пікір алмасу, тәжірибе бөлісу жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар отбасындағы тәрбиенің жаңа форматтары, бала тұлғасын қолдаудың заманауи әдістері, мектеп пен ата-ана серіктестігін нығайту жолдары жөнінде маңызды ақпарат алды.
Іс-шара соңында қатысушылар тарапынан оң пікірлер айтылып, бұл семинардың маңыздылығы мен қажеттілігі атап өтілді





