Басты бет / ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі — Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызымен кездесу

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі — Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызымен кездесу

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

2025 жылғы 24 қазан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілінің ұсынысының негізінде «Білім бару ұйымдарындағы бала құқықтарын қорғау омбудсмен жұмысының ерекшеліктері» тақырыбында оқыту тренингі өтті.

Мақсаты: Білім беру ұйымдарында бала құқықтарын қорғау тетіктерін жетілдіру, омбудсмен қызметінің ерекшеліктерін түсіндіру, қатысушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіз және қолайлы білім алу ортасын қамтамасыз ету бойынша тиімді іс-әрекеттерді үйрету.

Шараға Ақтөбе қаласының 31 мектебінен және 4 ауданнан бала өкілдері мен жетекшілері қатысты, қалған аудандардың балалары ЗУМ арқылы онлайн тыңдады.

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі —  Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызы «Адам құқықтарын қорғау. Омбудсмен әлеуеті» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді. Ол қатысушыларға адам құқықтарының мәні мен маңызы, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық және халықаралық тетіктер туралы толық мазмұнды ақпарат берді.

Сондай-ақ, білім беру ұйымдарындағы бала құқықтарын қорғау омбудсменінің рөлі мен қызметінің ерекшеліктеріне тоқталып, оқушылардың өз құқықтарын білу және қорғау мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Тренинг барысында орталық мамандары балалармен түрлі интерактивті тапсырмалар, пікірталас және топтық жұмыстар ұйымдастырып, өмірлік жағдаяттар арқылы құқықтық сауаттылықтарын арттырып, әр адамның жеке шекарасы туралы жаттығулар жасады.

Шара соңында қатысушылар өз ойларын еркін білдіріп, адам құқықтарын қорғауда әркімнің жауапкершілігі зор екенін түсініп, өз құқықтарын құрметтеу мен өзгенің құқығын сақтаудың маңызын айқын ұғынды.

Scroll to Top