Психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру және цифрлық орта жағдайында білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға бағытталған практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында «Цифрлық детокс: телефонсыз өмір тәжірибесі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Семинар барысында цифрлық құрылғыларды шамадан тыс пайдаланудың психологиялық ерекшеліктері, дофамин мен телефонды қолдану арасындағы байланыс, экран уақытын тиімді басқару және цифрлық тәуелділіктің алдын алу мәселелері қарастырылды.
Іс-шараны орталық директоры М. Жұбандықова ашып, бөлім басшысы Г. Советова дофамин және смартфонды пайдаланудың психологиялық әсері туралы ақпарат берді. Психолог Н. Қалданова телефонды қолданудың тиімді жақтарына тоқталса, А. Алданова практикалық сергіту жаттығуын өткізді.
🔹 Семинар-практикум соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.










