Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын, келеңсіз оқиғалардың алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Алға ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 19 қараша күні «ЖАҚСЫ АДАМ БОЛ!» тақырыбында еліміздің танымал спорт майталмандары мен жасөспірімдердің кездесу кеші ұйымдастырылды.
Жұлдызды меймандар
ДАСТАН АМАНГЕЛДІ- ММА-ден Қазақстан Республикасының 3 дүркін Чемпионы, Әлем және Азия Чемпионаттарының жүлдегері, NAIZA Лигасының үш дүркін Чемпионы, қазіргі уақытта Еуропаның ең мықты промоушынында өнер көрсетіп жүрген жауынгер.
ТЫНЫШТЫҚ ЖӘНІБЕК — жекпе-жектен Қазақстан Республикасының 4 дүркін Чемпионы, ММА-ден Әлем чемпионатының кола жүлдегері және Еуропа чемпионы. ALASH прайд Лигасында жаңа белбеуге үміткер.
БУРКУТАЛИН ЕРКІНҒАЛИ- ММА-ден Қазақстан Республикасының 2 дүркін чемпионы, армиялық жекпе-жектен ТМД елдері арасында чемпион.
МУРАД АБДУРАХМАНОВ- қазақ ММА-ның аңызы.Кәсіби мансабында 11 рет жеңіске жетіп, оның 9-н нокаутпен аяқтады.ММА-ден Әлем Чемпионы.
“JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі Бердибекова Лаура Куантаевна.







