Новости каз

Новости каз, Өткізілген іс-шаралар

«Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігі: жұмыстың мазмұны, формалары мен әдістері» тақырыбында семинар-практикум өтті

  Орталық базасында білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтарына арналған «Әлеуметтік педагогтің кәсіби құзыреттілігі: жұмыстың мазмұны, формалары мен әдістері» тақырыбында офлайн және онлайн ZOOM форматында облыстық семинар-практикум өтті. Орталық директоры Меруерт Жұбандықова семинарға қатысушыларға алғы сөз сөйлеп, облыстық семинар-практикумның маңыздылығына тоқталып, «Mental Health» бірыңғай жүйесімен жұмысты әлеуметтік педагогтердің күнделікті кәсіби қызметімен байланыстырудың маңыздылығын атап өтті. Семинарға директордың орынбасары Лаура Бердибекова, бөлім меңгерушісі Гүлнұр Советова, әдіскер Айдана Мырзаханова, әлеуметтік педагог Ира Дарменова және спикерлер Эльмира Калдыгулова Ойыл ауданы Құрман орта мектебінің әлеуметтік педагогі  және Гаухар Құлжанова №78 жоғары орта білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі қатысты. Сонымен қатар Эльмира Калдыгулова Ойыл ауданы, Құрман орта мектебінің әлеуметтік педагогі және Гаухар Құлжанова №78 жоғары орта білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі  қатысушылар арасында кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, балаларды қолдау мен сүйемелдеудің тиімді практикалық тәжірибелері мен әдістемелік тәсілдерін ортаға салды.

Новости каз, Өткізілген іс-шаралар

«Цифрлық детокс: телефонсыз өмір тәжірибесі»

  Психологтардың кәсіби біліктілігін арттыру және цифрлық орта жағдайында білім алушылардың психологиялық әл-ауқатын қолдауға бағытталған практикалық дағдыларын жетілдіру мақсатында «Цифрлық детокс: телефонсыз өмір тәжірибесі» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Семинар барысында цифрлық құрылғыларды шамадан тыс пайдаланудың психологиялық ерекшеліктері, дофамин мен телефонды қолдану арасындағы байланыс, экран уақытын тиімді басқару және цифрлық тәуелділіктің алдын алу мәселелері қарастырылды. Іс-шараны орталық директоры М. Жұбандықова ашып, бөлім басшысы Г. Советова дофамин және смартфонды пайдаланудың психологиялық әсері туралы ақпарат берді. Психолог Н. Қалданова телефонды қолданудың тиімді жақтарына тоқталса, А. Алданова практикалық сергіту жаттығуын өткізді. 🔹 Семинар-практикум соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Новости каз, Өткізілген іс-шаралар

“Буллингтің алдын алу мақсатында ақпарттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

22 мамыр  күні Ақтөбе құрылыс техникалық колледжінің 1-2 курс студенттеріне “Буллингтің алдын алу мақсатында ақпарттық түсіндірме  жұмыстары жүргізілді. 26 мамыр күні Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжінің 1-2 курс білім алушыларына буллингтің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Новости каз

«Жасөспірімнің құндылықтары:ата-ананың көзқарасы мен қолдауы»

30 сәуір күні «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты балаларды психологиялық-педагогикалық сүймелдеу жүйесін дамыту зертханасының жетекші маманы Айзада Асқарованың қатысуымен «Жасөспірімнің құндылықтары:ата-ананың көзқарасы мен қолдауы» тақырыбында тікелей эфир өткізілді.

Новости каз

Сынып жетекшілері мен ата-аналарына арналған семинар-практикум өтті

13.04.2026 жылы «Отбасы және мектеппен серіктестікте: жасөспірім қыздарды қолдау жолдары» тақырыбында Ақтөбе қаласындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері мен ата-аналарына арналған семинар-практикум өтті.

Новости каз

«Педагогтің кәсіби күйреуінің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді

10 сәуір күні Қобда  ауданы, Қобда қазақ орта мектебінің педагогтерімен «Инсайт» ресурс клубы жобасы аясында «Педагогтің кәсіби күйреуінің алдын алу» тақырыбында тренинг өткізілді.

Новости каз

«Эмоцияны басқару мәдениеті»

2026 жылдың 9-10 сәуір күні: «EQ-Lab» оқушыларға арналған жобаны аудандық деңгейде таныстыру мақсатында «Эмоцияны басқару мәдениеті» тақырыбында Қарғалы және Қобда  аудандарында 3-4 және 7-11сынып оқушыларына арналған тренинг өткізілді.

Scroll to Top