Орталық әдіскері Л.Бердібекова №19 орта мектебінде 7 сынып білім алушыларына арнап «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында тренинг сабақ өткізді.
Мақсаты: Педагог кадрлер мен білім алушылардың жеке және кәсіби құндылықтарын айқындау, өмірлік ұстанымдарын саралау, өз-өзін тануға және тұлғалық дамуға бағыттау.
Тренинг барысында « өзін тану», «менің бойымдағы құндылықтар» сияқты жаттығулар ұйымдастырылды.
Білім алушылар сабаққа белсене қатысып, бір-біріне жылы сөздер айтып, өзара мейірім, адалдық, отбасындағы татулық, сыйластық, ауызбіршілік аясында өз ойларымен бөлісіп, шығармашылықпен жұмыс жасады.
Тренинг сабақ қатысушылар арасында сыйластық, ауызбіршілік, сүйіспеншілік қасиеттерді қалыптастыруға ықпал етті.







