Мәлімет

Мәлімет

«Отбасы мен қоғамдағы позитивті қарым-қатынастар мәдениеті» атты ата-аналарға арналған психологиялық жүздесу өтті

«Отбасы мен қоғамдағы позитивті қарым-қатынастар мәдениеті» атты ата-аналарға арналған психологиялық жүздесу өтті. Мақсат — отбасында және қоғамда өзара сыйластыққа, түсіністікке, құрметке негізделген позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету. 🧠 Қатысушылардың отбасылық және қоғамдық ортадағы тиімді, сыйластыққа негізделген позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған психологиялық білімін кеңейтуге және эмпатия, сенімді байланыс орнату дағдыларын дамытуға арналған кеңес беру айдары, терапиялық бағытта «кешірім жәшігі» жаттығуы және практикалық жұмыстар ұйымдастырылды. 👥 Орталық әдіскері Назерке Өтеп ата-аналармен тренингтік жаттығулар өткізіп, отбасының психологиялық климатын жақсартуға бағытталған тәжірибелік әдістерді ұсынды. 💬 Жиын барысында ата-аналар бір-бірімен ашық пікір алмасып, отбасы ішіндегі эмоционалдық байланыс, бала тәрбиесіндегі жылы қарым-қатынастың рөлі, ата-ана мен бала арасындағы тиімді диалог орнату тәсілдері туралы ақпарат алып, сұрақтарын қойды.

Мәлімет

«Аутодеструктивтік мінез-құлықты ерте тану»

Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық техникалық колледжінде орталық әдіскері Өтеп Назеркенің қатысуымен ата-аналарға арналған «Аутодеструктивтік мінез-құлықты ерте тану» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық жиналыс ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне зиян келтіру, күйзеліс, эмоционалдық күйдің төмендеуі сияқты өзекті мәселелер туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ мұндай мінез-құлықтың ерте белгілерін танып, дер кезінде қолдау көрсетуге бағыттау болды. Жиналыс барысында: ​аутодеструктивтік мінез-құлықтың түрлері мен себептері түсіндірілді; ​баланың психоэмоционалдық жағдайын бақылаудың тиімді тәсілдері ұсынылды; ​ата-аналардың баламен қарым-қатынаста қолдана алатын қауіпсіз қолдау әдістері талқыланды; ​қиын жағдайларда қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат берілді. Бұл кездесу ата-аналардың баласының ішкі жан-дүниесіне үңілуіне, қауіптің алғашқы белгілерін байқауға және отбасындағы эмоционалдық қолдау мәдениетін нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. 🌿 Баланың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқаты – ортақ жауапкершілік

Мәлімет

Мен өмірді сүйемін» психологиялық тренингі

Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің студенттерімен өмір құндылығын сезінуге, позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған мотивациялық-психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – жастардың өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз мүмкіндіктеріне сенім қалыптастыру, ішкі ресурстарын танып, күнделікті қуаныштың мәнін түсінуге ықпал ету болды. Студенттер түрлі практикалық жаттығулар орындап, өз эмоцияларын еркін білдіріп, өмірдің жарқын тұстарын көруге бағытталған тапсырмаларға белсенді қатысты. Әр қатысушы жеке құндылықтарын айқындап, алдағы мақсаттарын белгілеуге мүмкіндік алды.Білім алушылар үшін ойды және эмоцияны тыныштандыруға бағытталған «тұз терапиясы» ұымдастырылды. Терапия барысында қатысушылар тұздың түрлі құрылымдары мен текстураларымен жұмыс жасап,сезімдік қабылдауды дамытатын жаттығулар орындады. 💫 Бұл шара студенттердің мотивациясын арттырып, позитивті ойлау мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты.

Мәлімет

“Жасөспірім жанына үңілу”

Ақтөбе Жоғары гуманитарлық колледжінің 1, 2, 3 курс ата-аналарымен өткен “Жасөспірім жанына үңілу” атты мазмұнды жиналыста орталық әдіскері Өтеп Назерке сөз сөйлеп, жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері мен ата-ананың қолдау рөлінің маңызына тоқталды. Кездесу барысында бүгінгі жасөспірімдердің ішкі әлеміне үңілу, олардың сезімдік қажеттіліктерін түсіну, ата-ана мен бала арасындағы сенімді қарым-қатынасты нығайту жолдары талқыланды. Назерке Өтеп ата-аналарға жасөспірім кезеңінде кездесетін қиындықтарды дұрыс  қабылдап, балаға эмоционалды қолдау көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар: — жанжалсыз коммуникация, — белсенді тыңдау, — шекара орнату, — баланың өзін-өзі танып, өзіне сенімін арттыруға жағдай жасау тақырыптары жан-жақты түсіндірілді. Жиналыс ата-аналар тарапынан қызығушылық тудырып, ашық сұрақ-жауап алаңымен жалғасты. Әр ата-ана өз тәжірибесімен бөлісіп, баланың жан дүниесіне жақындай түсуге бағытталған құнды кеңестер алды. Осындай кездесулер ата-ана мен білім беру ұйымы арасындағы байланыс пен сенімді нығайтып, жасөспірімдердің үйлесімді  дамуына үлес қосары сөзсіз.

Мәлімет

«Өзіңді таны – өзіңе сен»

Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық техникалық колледждің студенттерімен өзін-өзі тану мен ішкі сенімділікті арттыруға бағытталған мотивациялық-психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – жастардың жеке тұлғалық әлеуетін ашу, өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, өмірлік шешімдер қабылдауда сенімділігін күшейту. Студенттер түрлі жаттығуларға қатысып, өз эмоцияларын тануға, күшті жақтарын анықтауға және өз-өзіне деген құрмет пен сенімді қалыптастыруға мүмкіндік алды. 💡 Тренинг барысында: өзін-өзі тану картасы жасалды сенімді мінез-құлық дағдылары пысықталды топтық және серіктестік жаттығулар орындалды қатысушылар мотивациялық пікірталасқа белсенді араласты

Мәлімет

13 қараша. №19 орта мектептің 9-сынып оқушыларына «өмірдің өзі — бақыт» тақырыбында Тренинг

13 қараша күні орталық әдіскері №19 орта мектептің 9-сынып оқушыларымен «Өмірдің өзі бақыт» тақырыбында мотивациялық-психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – жасөспірімдердің өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, өз құндылығын сезінуге, қуаныш пен ризашылық сезімін дамытуға бағытталды 💫 Оқушылар жаттығулар мен пікірталастар арқылы өмірдің мәні, ішкі үйлесім және бақытқа жетудің қарапайым жолдары туралы ой бөлісті. 😊 Әр қатысушы өз өмірінің ерекше және қайталанбас екенін сезініп, күнделікті сәттерден қуаныш табуға үйренді.

Мәлімет

11 қараша. «Қолдау және белсенді тыңдау» тақырыбында сынып жетекшілеріне арналған Семинар

11 қараша күні “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Қолдау және белсенді тыңдау»(зорлық-зомбылық, буллинг, жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу) тақырыбында класс жетекшілерге арналған семинар өткізілді. 🎯 Семинардың мақсаты – педагогтерге оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту, психологиялық қолдау көрсету мен белсенді тыңдау тәсілдерін меңгерту, сондай-ақ білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған бірлескен әрекетті күшейту. 🧠 Іс-шара барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, оқушыларға эмоционалды және психологиялық тұрғыда қауіпсіз орта қалыптастыру жолдарын талқылады.  

Мәлімет

2025 жылғы 3 қарашада әдістемелік күн онлайн-форматта өткізілді

2025 жылдың 3 қарашасында Ақтөбе облысы бойынша кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары бойынша педагог-психологтарға әдістемелік күн онлайн (ZOOM платформасы арқылы) өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің кәсіби деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу және психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді әдістерін талқылау болды. Кездесу барысында колледж психологтарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, психологиялық жұмыстың заманауи бағыттары мен әдістемелік ұсынымдар қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.

Scroll to Top