2025 жылдың 3 қарашасында Ақтөбе облысы бойынша кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары бойынша педагог-психологтарға әдістемелік күн онлайн (ZOOM платформасы арқылы) өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің кәсіби деңгейін арттыру, тәжірибе алмасу және психологиялық-педагогикалық қолдаудың тиімді әдістерін талқылау болды.
Кездесу барысында колледж психологтарының қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар, психологиялық жұмыстың заманауи бағыттары мен әдістемелік ұсынымдар қарастырылды. Сонымен қатар, қатысушылар өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, өзекті мәселелер мен олардың шешу жолдарын талқылады.



