Басты бет / Мен өмірді сүйемін» психологиялық тренингі

Мен өмірді сүйемін» психологиялық тренингі

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Ақтөбе құрылыс-техникалық колледжінің студенттерімен өмір құндылығын сезінуге, позитивті ойлау дағдыларын қалыптастыруға арналған мотивациялық-психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – жастардың өмірге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз мүмкіндіктеріне сенім қалыптастыру, ішкі ресурстарын танып, күнделікті қуаныштың мәнін түсінуге ықпал ету болды.

Студенттер түрлі практикалық жаттығулар орындап, өз эмоцияларын еркін білдіріп, өмірдің жарқын тұстарын көруге бағытталған тапсырмаларға белсенді қатысты. Әр қатысушы жеке құндылықтарын айқындап, алдағы мақсаттарын белгілеуге мүмкіндік алды.Білім алушылар үшін ойды және эмоцияны тыныштандыруға бағытталған «тұз терапиясы» ұымдастырылды. Терапия барысында қатысушылар тұздың түрлі құрылымдары мен текстураларымен жұмыс жасап,сезімдік қабылдауды дамытатын жаттығулар орындады.

💫 Бұл шара студенттердің мотивациясын арттырып, позитивті ойлау мәдениетін дамытуға үлкен үлес қосты.

Scroll to Top