Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық техникалық колледждің студенттерімен өзін-өзі тану мен ішкі сенімділікті арттыруға бағытталған мотивациялық-психологиялық тренинг өткізілді.
Тренингтің мақсаты – жастардың жеке тұлғалық әлеуетін ашу, өз мүмкіндігін дұрыс бағалап, өмірлік шешімдер қабылдауда сенімділігін күшейту.
Студенттер түрлі жаттығуларға қатысып, өз эмоцияларын тануға, күшті жақтарын анықтауға және өз-өзіне деген құрмет пен сенімді қалыптастыруға мүмкіндік алды.
💡 Тренинг барысында:
- өзін-өзі тану картасы жасалды
- сенімді мінез-құлық дағдылары пысықталды
- топтық және серіктестік жаттығулар орындалды
- қатысушылар мотивациялық пікірталасқа белсенді араласты





