«Отбасы мен қоғамдағы позитивті қарым-қатынастар мәдениеті» атты ата-аналарға арналған психологиялық жүздесу өтті. Мақсат — отбасында және қоғамда өзара сыйластыққа, түсіністікке, құрметке негізделген позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.
🧠 Қатысушылардың отбасылық және қоғамдық ортадағы тиімді, сыйластыққа негізделген позитивті қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға бағытталған психологиялық білімін кеңейтуге және эмпатия, сенімді байланыс орнату дағдыларын дамытуға арналған кеңес беру айдары, терапиялық бағытта «кешірім жәшігі» жаттығуы және практикалық жұмыстар ұйымдастырылды.
👥 Орталық әдіскері Назерке Өтеп ата-аналармен тренингтік жаттығулар өткізіп, отбасының психологиялық климатын жақсартуға бағытталған тәжірибелік әдістерді ұсынды.
💬 Жиын барысында ата-аналар бір-бірімен ашық пікір алмасып, отбасы ішіндегі эмоционалдық байланыс, бала тәрбиесіндегі жылы қарым-қатынастың рөлі, ата-ана мен бала арасындағы тиімді диалог орнату тәсілдері туралы ақпарат алып, сұрақтарын қойды.





