Басты бет / «Аутодеструктивтік мінез-құлықты ерте тану»

«Аутодеструктивтік мінез-құлықты ерте тану»

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық техникалық колледжінде орталық әдіскері Өтеп Назеркенің қатысуымен ата-аналарға арналған «Аутодеструктивтік мінез-құлықты ерте тану» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық жиналыс ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі мақсаты – ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы өз-өзіне зиян келтіру, күйзеліс, эмоционалдық күйдің төмендеуі сияқты өзекті мәселелер туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ мұндай мінез-құлықтың ерте белгілерін танып, дер кезінде қолдау көрсетуге бағыттау болды.

Жиналыс барысында:

  • ​аутодеструктивтік мінез-құлықтың түрлері мен себептері түсіндірілді;
  • ​баланың психоэмоционалдық жағдайын бақылаудың тиімді тәсілдері ұсынылды;
  • ​ата-аналардың баламен қарым-қатынаста қолдана алатын қауіпсіз қолдау әдістері талқыланды;
  • ​қиын жағдайларда қайда жүгіну керектігі туралы ақпарат берілді.

Бұл кездесу ата-аналардың баласының ішкі жан-дүниесіне үңілуіне, қауіптің алғашқы белгілерін байқауға және отбасындағы эмоционалдық қолдау мәдениетін нығайтуға үлкен мүмкіндік берді.

🌿 Баланың қауіпсіздігі мен психологиялық әл-ауқаты – ортақ жауапкершілік

Scroll to Top