Жиенбаева каз

Жиенбаева каз

№50 мектептің 8 сынып оқушыларына арналған «Мейірімділік»тақырыбындағы психологиялық тренинг

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні орталық психологі Жиенбаева Бұлбұл  Қ.Жұ Ағымдағы жылдың 21 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы №50 орта мектептің 8-сынып оқушыларымен «Мейірімділік» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға мейірімділік ұғымын терең түсіндіру, бір-біріне қолдау көрсету, жанашырлық таныту және позитивті қарым-қатынасты дамыту болды.Мейірімділік – тек жақсы сөз айту емес, ол — жанашыр болу, көмек көрсету және айналаға жылулық сыйлау екенін оқушылар тәжірибе арқылы сезінді. 🔸Тренинг барысында оқушылар мейірімді әрекеттердің маңызын талқылады; 🔸 Эмпатия, жанашырлық және түсіністікке бағытталған ойындар орындады;🔸 Әр қатысушы өз өміріндегі мейірімділік мысалдарын бөлісіп, сыныпта жылы атмосфера қалыптасты; 🔸 Командалық жаттығулар арқылы бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсінді. Оқушылар тренингтен үлкен әсер алды, мейірімді болудың өздеріне де, айналаларындағы адамдарға да қуаныш сыйлайтынын түсінді. Шара балалардың адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға және бір-біріне деген сыйластықты арттыруға ықпал етті.

Жиенбаева каз

«Қиын эмоциялармен жұмыс» тренингі

Ағымдағы жылдың 21 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы №78 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушыларымен «Қиын эмоциялармен жұмыс» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – жасөспірімдерге қиын эмоцияларды дұрыс тану, олардың себептерін түсіну және тиімді басқару дағдыларын қалыптастыру. Жаттығулар барысында оқушылар өз сезімдерін талдап, өзін-өзі тыныштандыру мен реттеу әдістерін меңгерді. Қатысушылар тренингтен ерекше әсер алып, эмоцияларды басқарудың оқу мен күнделікті өмірде маңызды екенін атап өтті. Көптеген оқушылар өздерін жеңіл, сенімді сезінгенін және мұндай жұмыстардың стресс деңгейін төмендетуге көмектесетінін айтты. Шара жасөспірімдердің эмоционалдық мәдениетін дамытып, жағымды психологиялық орта қалыптастыруға ықпал етті.

Жиенбаева каз

«Эмоцияларды тану және басқару дағдылары» тақырыбындағы тренинг-ойын

Ағымдағы жылдың 19 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 1 курс студенттерімен «Эмоцияны танумен басқару дағдылары» тақырыбында жан-жақты психологиялық ойын-тренинг өткізді. Бұл тренингтің негізгі мақсаты – жастарға өз эмоцияларын дұрыс тану, сол эмоциялардың қайдан пайда болатынын түсіну және оларды тиімді басқаруға үйрету. Тренинг барысында студенттер түрлі эмоцияларды тануға арналған интерактивті ойындарға қатысты; Тапсырмалар арқылы өз реакцияларын талдап, эмоцияны басқарудың практикалық тәсілдерін меңгерді; Қарым-қатынаста эмоцияны реттеу, күйзелісті алдын алу, өзін-өзі тыныштандыру әдістері  маңызды дағдыларды үйренді. Қатысушылар тренингтен ерекше әсер алды, өздерін еркін сезініп, эмоциялық сауаттылықтың күнделікті өмірде маңызды рөл атқаратынын түсінді. Шара студенттердің өзін-өзі тануына, психологиялық тұрақтылығын арттыруға және жағымды ойлауға ықпал етті.

Жиенбаева каз

Стресті жеңу жолдары

Ағымдағы жылдың 18 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы №31 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушыларына «Стресті жеңу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – оқушыларға стресс жағдайларын жеңуге көмектесу, өз эмоцияларын басқаруды үйрету және психологиялық әл-ауқатын нығайту. Оқушылар тренингтен көптеген пайдалы ақпарат алды, стрессті басқарудың жаңа әдістерін үйренді және өз эмоцияларына көңіл бөлу керектігін түсінді.

Scroll to Top