Басты бет / №50 мектептің 8 сынып оқушыларына арналған «Мейірімділік»тақырыбындағы психологиялық тренинг

№50 мектептің 8 сынып оқушыларына арналған «Мейірімділік»тақырыбындағы психологиялық тренинг

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Ағымдағы жылдың 24 қараша күні орталық психологі Жиенбаева Бұлбұл  Қ.Жұ Ағымдағы жылдың 21 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы №50 орта мектептің 8-сынып оқушыларымен «Мейірімділік» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға мейірімділік ұғымын терең түсіндіру, бір-біріне қолдау көрсету, жанашырлық таныту және позитивті қарым-қатынасты дамыту болды.Мейірімділік – тек жақсы сөз айту емес, ол — жанашыр болу, көмек көрсету және айналаға жылулық сыйлау екенін оқушылар тәжірибе арқылы сезінді.

🔸Тренинг барысында оқушылар мейірімді әрекеттердің маңызын талқылады;

🔸 Эмпатия, жанашырлық және түсіністікке бағытталған ойындар орындады;🔸 Әр қатысушы өз өміріндегі мейірімділік мысалдарын бөлісіп, сыныпта жылы атмосфера қалыптасты;

🔸 Командалық жаттығулар арқылы бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсінді.

Оқушылар тренингтен үлкен әсер алды, мейірімді болудың өздеріне де, айналаларындағы адамдарға да қуаныш сыйлайтынын түсінді.

Шара балалардың адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға және бір-біріне деген сыйластықты арттыруға ықпал етті.

Scroll to Top