Байтерекова каз

Байтерекова каз

«Бала амандығы – ата-ананың ішкі тепе-теңдігіне тәуелді»

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау көрсету орталығының арнаулы жұмыс жоспарына сәйкес №50 жалпы орта білім беретін мектептің ата-аналарымен «Бала амандығы – ата-ананың ішкі тепе-теңдігіне тәуелді» тақырыбында жиналыс өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – ата-аналарға баланың психологиялық саулығын сақтау мен дамыту жолдарын түсіндіру, отбасындағы эмоционалды тепе-теңдіктің бала тәрбиесіне әсерін айқындау, ата-аналардың психологиялық мәдениетін арттыру болды. Жиналыс барысында ата-аналарға орталықтың қызмет бағыттары, атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарланған жобалар жөнінде ақпарат берілді. Психолог қазіргі таңда жиі кездесетін бала психологиясындағы өзгерістер, жасөспірімдік кезеңдегі мінез-құлық ерекшеліктері, ата-ана мен бала арасындағы өзара сенім мен түсіністікті қалыптастырудың маңыздылығы туралы жан-жақты мәлімет ұсынды.

Байтерекова каз

«Комплемент по кругу»

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау көрсету орталығының 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес №29 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен «Комплемент по кругу» атты тренинг өткізілді. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениетін дамыту, ортада өз ойын еркін жеткізе білуге, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жағымды эмоцияларын ашық айтуға дағдыландыру. Сонымен қатар, оқушылардың достарына қолдау көрсету, өзара сенім орнату, ұжымда бірлесе жұмыс жасау қабілеттерін арттыру бағытында жаттығулар мен тренинг түрлері ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, жағымды көңіл күй қалыптасты. Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы тілектер айтып, ұжымдық рухты нығайта түсті.

Байтерекова каз

«Менің болашағым»

2025 жылдың 12 қараша күні Әлімхан Ермеков атындағы №23 орта мектеп-лицейінде 9-сынып оқушыларымен «Менің болашағым» тақырыбында танымдық-тәрбиелік тренинг өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің болашақ мамандығын саналы таңдауға, өз қабілеттері мен қызығушылықтарын тануға бағыттау арналды. Тренинг барысында оқушылар өз армандары мен өмірлік мақсаттары туралы ой бөлісіп, түрлі психологиялық және мотивациялық тапсырмалар орындады. Сондай-ақ, болашақ мамандық таңдаудағы маңызды факторлар, еңбек нарығындағы сұраныс пен жеке жауапкершіліктің рөлі талқыланды. Іс-шара интерактивті форматта өтіп, пікірталас, топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділігі артты. Оқушылар өздерінің тұлғалық ерекшеліктерін анықтап, болашаққа деген сенімдері мен ынталары нығая түсті.

Байтерекова каз

«Эмоциялық тұрақтылық»

Ағымдағы жылдың 4 қазан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау көрсету орталығының 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес №31 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен «Эмоциялық тұрақтылық» тақырыбында ашық әңгіме алаңы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен, мақсат-мұраттарымен бөлісіп, мазалаған сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ психоэмоционалды тұрақтылықты сақтау және күйзеліс жағдайларын еңсеру дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі тренингтер мен тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан білім алушылар белсенділік танытып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өзара қолдау атмосферасында болды. Кездесу соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарасты.

Байтерекова каз

Аудан мектептеріндегі психологиялық жағдайды зерттеу

Ағымдағы жылғы 6-7 қазан аралығында Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық комиссия отырысының негізінде, ІІ бөлімнің 2, 3-тармақтарын орындау мақсатында, кәмелетке толмағандар арасында суицидтік мінез-құлықтың және өзге де қауіп-қатердің алдын алу бағытында профилактикалық іс-шараларды жоспарлау, үйлестіру және жүзеге асыру бойынша көшпелі жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобының құрамындағы “JAN AHUAL” психологиялық орталығының мамандары – М. Сарсенғалиева мен Э. Байтерекова ауыл ауданының мектептерінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті.

Scroll to Top