Ағымдағы жылдың 4 қазан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау көрсету орталығының 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес №31 жалпы орта білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларымен «Эмоциялық тұрақтылық» тақырыбында ашық әңгіме алаңы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар өз ойларымен, мақсат-мұраттарымен бөлісіп, мазалаған сұрақтарына жауап алды.
Сондай-ақ психоэмоционалды тұрақтылықты сақтау және күйзеліс жағдайларын еңсеру дағдыларын қалыптастыру мақсатында түрлі тренингтер мен тәжірибелік жаттығулар ұйымдастырылды.
Іс-шараға қатысқан білім алушылар белсенділік танытып, бір-бірімен еркін пікір алмасып, өзара қолдау атмосферасында болды. Кездесу соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйде тарасты.






