Басты бет / «Комплемент по кругу»

«Комплемент по кругу»

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Ағымдағы жылдың 6 қазан күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау көрсету орталығының 2025–2026 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес №29 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларымен «Комплемент по кругу» атты тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзара қарым-қатынас мәдениетін дамыту, ортада өз ойын еркін жеткізе білуге, бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, жағымды эмоцияларын ашық айтуға дағдыландыру. Сонымен қатар, оқушылардың достарына қолдау көрсету, өзара сенім орнату, ұжымда бірлесе жұмыс жасау қабілеттерін арттыру бағытында жаттығулар мен тренинг түрлері ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар белсенділік танытып, жағымды көңіл күй қалыптасты. Тренинг соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, бір-біріне жылы тілектер айтып, ұжымдық рухты нығайта түсті.

Scroll to Top