JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, 20 қазан күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде 1-курс студенттеріне құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Өзара сенім мен ынтымақтастық» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға қала прокуратурасының бөлім прокуроры Ермекбаев Нұрасхан Ермекбайұлы арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қонақ жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, жауапкершілік пен азаматтық мәдениет тақырыптарында маңызды мағлұматтармен бөлісті. Сонымен қатар, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әлеуметтік педагогы Когамбаева Алмажан Тлеубаевна «Жасөспірімдердің өмірлік таңдауы: сенім мен ынтымақтастық жолы» тақырыбында ақпарат берді. Орталықтың әдіскер маманы Б.А. Космагамбетова студенттермен бірге «Бір топ – бір мақсат: ынтымақтастық психологиясы» тақырыбында топтық психологиялық тренинг ұйымдастырды. Тренинг барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, ортақ шешімге келу дағдысын тәжірибеден өткізді.
Семинар студенттер үшін пайдалы ақпаратқа толы болды. Бұл кездесу – тек әңгіме ғана емес, өз жауапкершілігімізді сезініп, саналы таңдауға бағыттайтын маңызды қадам болды. Адамгершілік пен сенімді сақтау – біздің саналы таңдауымыз. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін ашық білдірді.






