Өтеп Назерке Нұрланқызы
"JAN AHUAL" психологиялық орталығында әдіскер
Өтеп Назерке Нұрланқызы 1996 жылдың 12 шілдеде дүниеге келген. Білімі жоғары. 2016 жылы Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжін «Бастауыш пәні мұғалімі» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Байғанин ауданы, С.Жиенбаев мектебінде бастады. 2019 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің «Педагогика және психология» мамандығын аяқтап, 2019 жылы Байғанин ауданы, Матайқұм орта мектебінде педагог — психолог қызметін атқарды. Санаты: педагог – модератор.
2024 жылдың қыркүйек, қазан айларында Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінде педагог-психолог, қараша айынан бастап «JAN AHUAL» психологиялық орталығында әдіскер қызметін атқарады.
Отбасы бар, 2 баланы тәрбиелеуде.



