Басты бет / Бердібекова Лаура Қуантайқызы

Бердібекова Лаура Қуантайқызы

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Өтеп Назерке Нұрланқызы
"JAN AHUAL" психологиялық орталығында әдіскер

Бердібекова Лаура Қуантайқызы 1971 жылы 15 желтоқсан күні Шалқар ауданы, Бершүгір сатанциясында дүнеиеге келген. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында әдіскер болып қызмет жасайды.

1994-1999 жыл аралығында Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық университетін аяқтап «Еңбек және сызу» пәні мұғалімі мамандығын алып 1994 жылы Ақтөбе қаласында №64 бала-бақшада тәрбиеші болып, педагогикалық еңбек жолын бастады. 2000-2014 оқу жылдарында үш тілде білім беретін №21 мектеп-гимназиясында еңбек пәні мұғалімі қызметін атқарды.

 2014 жылы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратура бөліміне түсіп, педагог-психолог мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып шықты.

2014 – 2105 оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласының №30 жалпы білім беретін орта мектебінде педагог-психолог қызметін бастады. Қызмет аясында 2014 оқу жылынан бастап 11 сынып білім алушыларына арналған «Мен және менің болашағым» атты психологиялық қолдау сабағын бастады.

2016-2017 оқу жылында «Монтессори педагогикасын бастауыш сынып балаларына қолдану» тақырыбында қала мектептерінің педагог-психолог мамандарына шебер сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: бастауыш класс балаларының ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған. Кәсіби байқауларға қатысып, өзінің білімін  шыңдап, жетістіктерге жетіп жүрген тәжірибелі маман.

2018 жылы қалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік психолог – 2018» қалалық байқауының І орын иегері атанды.

Қазақстан қолөнершілер одағының ұсынысымен қоғамдағы белсенді сіңірген еңбектері үшін Президент жарлығымен  2019 жылғы №12903, 29 қарашадағы бұйрығына сәйкес Шапағат медалімен наградталды.

2023 жылы Ақтөбе-Дарын ӨҒТҚББО орталығының ұйымдастыруымен «Creative — дивергентті психолог» облыстық онлайн байқауында «Практик-психолог» номинациясы бойынша кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін І диплом иегері болды.

2023 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының қалалық кезеңінде «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін  І дәрежелі дипломға ие болды. 

2017 жылы Астана қаласынан «Келешек» психологиялық орталығынан 144 сағат көлемінде «Отбасы психологы» тақырыбында сертификатын алып, осы бағытта білім алушыларға, ата-аналарға отбасы психологиясы, еңбек психологиясы, отбасы құндылықтары және психодрама техникаларын қолдана отырып, кеңес беру қызметтерін жасап отыр.

Scroll to Top