«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес 19.11.2025 жылы «Іздену. Өсу. Нәтиже» облыстық семинар-практикумы өтті
Орталық базасында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және психологиялық қызмет сапасын жақсарту мақсатында «Іздену. Өсу. Нәтиже» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Іс-шараға Шалқар және Хромтау аудандарынан келген педагог-психологтар қатысып, өздерінің кәсіби тәжірибелері мен тиімді жұмыс тәсілдерімен бөлісті.
Семинарды орталық бөлім басшысы Ментай Телағысова жүргізді. Ал орталық директоры Меруерт Жұбандықова педагогикалық қауымдастықтағы әріптестік пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Шалқар ауданы №4 ЖОББМ педагог-психологі Шанова Айгүл Орынбекқызы «Тұлға күші — ішкі үйлесімде» тақырыбында оқушыларға психологиялық қолдау көрсету тәжірибесін таныстырды.
Хромтау ауданы Ақжар орта мектебінің педагог-психологі Тобагабылова Гулдерай Серикқызы «Алғашқы қадам: бейімделу және танымдық үдерістерді дамыту» бойынша өз жұмыс үлгісін ұсынды.
Семинар соңында орталық әдіскері Ботагоз Айтпаевна жасанды интеллектке арналған тренинг өткізіп, қатысушыларға жаңа құралдарды тәжірибеде қолдану мүмкіндігін көрсетті.
Сонымен қатар, Айгүл Орынбекқызы мен Гулдерай Серикқызы тәжірибелерімен бөліскені үшін орталық директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Қатысушылар жоғары белсенділік танытып, семинар кәсіби тәжірибе алмасудың тиімді алаңы болды.







