Басты бет / «Іздену. Білім. Тәжірибе тарату» тақырыбындағы мектеп психологтарына арналған семинар-практикум анықтамасы

«Іздену. Білім. Тәжірибе тарату» тақырыбындағы мектеп психологтарына арналған семинар-практикум анықтамасы

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Өткізілген күні: 30.09.2025 ж

Темір ауданы, Шұбарши орта мектебінің педагог-психологы Гулзина Сәрсенбаева

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес Темір ауданы мамандарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің педагог-психологтарына арналған семинар-практикум өтті.

Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу және жұмысты жетілдіруге бағытталды. Модератор орталықтың бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева болды.

Орталық директорының міндетін уақытша атқарушы: Меруерт Жұбандықова қатысушы білім беру саласында үздік тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Семинар барысында Шұбарши орта мектебінің педагог-психологы Гулзина Сәрсенбаева оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістемелерді таныстырды.

«Балауса» бөбекжай-балабақшасының педагог-психологы Гүлзат Жұмабаева тиімді әдіс-тәсілдері және шығармашылық ізденістерімен бөлісті. Семинар педагог-психологтардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасып, жаңа идеяларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/reel/DGDhdJKIhLG/?igsh=MWVibHhkcDJ0aGhvaQ==

 

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Л.Бердибеков

Scroll to Top