Өткізілген күні: 10.04.2025 ж
Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебінің педагог-психологі Клара Кунаева
Мақсаты: Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және психологиялық қызмет сапасын жақсарту.Тиімді жұмыс тәсілдерімен бөлісу.
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес облыстық білім беру ұйымдарының психолог мамандарының қатысуымен «Іздену. Білім. Тәжірибе тарату» тақырыбында семинар өтті. Іс-шара барысын,да аудан педагог-психологтары өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Орталық директоры: Меруерт Жұбандықова қатысушы психологтарға сәттілік тілеп, екіжақты тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебінің педагог-психологі К.Ж.Кунаева «Аутодеструктивті мінез ерекшеліктері бар оқушылармен жүргізілетін қарым-қатынас жаттығулары» тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Әйтеке би ауданы, мамыт негізгі орта білім беретін мектебінің педагог-психологі С.О.Оразбаева «Жасөспірімдердің қарым-қатынасын тренингтер арқылы қалыптастыру» атты тәжірибесін ұсынды.
Семинар барысында әдістемелік таратпа материалдар ұсынылып, сұрақ-жауап, пікір алмасу алаңы құрылды. Семинар соңында іс-тәжірибе таратқан мамандарға Алғыс хаттар табыс етілді.
https://www.instagram.com/reel/DGDhdJKIhLG/?igsh=MWVibHhkcDJ0aGhvaQ==
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Л.Бердибекова






