«Өз өміріңді бағала» тақырыбындағы түзету-дамыту сабағы
12.11. №50 ОМ 9 класс оқушыларымен «Өміріңді бағалай біл» тақырыбында түзету-дамыту сабағы өтті. Мақсат – оқушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, өз қадірін сезіне білуге, өмірдің әр сәтін бағалауға және өмірлік қиындықтарға төтеп беруге үйрету. Іс – шара барысында түрлі тренингтер, пікірталас және жағымды ой қалыптастыратын жаттығулар ұйымдастырылды. Оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, өмірдің мәні туралы терең ой қозғады. Сабақ соңында қатысушылар өмірдің әр күнін бағалауды, бірін – бірі қадірлеуді үйренді



