Ағымдағы жылдың 24 қараша күні орталық психологі Жиенбаева Бұлбұл Қ.Жұ Ағымдағы жылдың 21 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы №50 орта мектептің 8-сынып оқушыларымен «Мейірімділік» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Тренингтің негізгі мақсаты – оқушыларға мейірімділік ұғымын терең түсіндіру, бір-біріне қолдау көрсету, жанашырлық таныту және позитивті қарым-қатынасты дамыту болды.Мейірімділік – тек жақсы сөз айту емес, ол — жанашыр болу, көмек көрсету және айналаға жылулық сыйлау екенін оқушылар тәжірибе арқылы сезінді.
🔸Тренинг барысында оқушылар мейірімді әрекеттердің маңызын талқылады;
🔸 Эмпатия, жанашырлық және түсіністікке бағытталған ойындар орындады;🔸 Әр қатысушы өз өміріндегі мейірімділік мысалдарын бөлісіп, сыныпта жылы атмосфера қалыптасты;
🔸 Командалық жаттығулар арқылы бір-біріне қолдау көрсетудің маңызын түсінді.
Оқушылар тренингтен үлкен әсер алды, мейірімді болудың өздеріне де, айналаларындағы адамдарға да қуаныш сыйлайтынын түсінді.
Шара балалардың адамгершілік құндылықтарын нығайтуға, қарым-қатынас мәдениетін жақсартуға және бір-біріне деген сыйластықты арттыруға ықпал етті.





