Ағымдағы жылдың 19 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің 1 курс студенттерімен «Эмоцияны танумен басқару дағдылары» тақырыбында жан-жақты психологиялық ойын-тренинг өткізді.
Бұл тренингтің негізгі мақсаты – жастарға өз эмоцияларын дұрыс тану, сол эмоциялардың қайдан пайда болатынын түсіну және оларды тиімді басқаруға үйрету.
- Тренинг барысында студенттер түрлі эмоцияларды тануға арналған интерактивті ойындарға қатысты;
- Тапсырмалар арқылы өз реакцияларын талдап, эмоцияны басқарудың практикалық тәсілдерін меңгерді;
- Қарым-қатынаста эмоцияны реттеу, күйзелісті алдын алу, өзін-өзі тыныштандыру әдістері маңызды дағдыларды үйренді.
Қатысушылар тренингтен ерекше әсер алды, өздерін еркін сезініп, эмоциялық сауаттылықтың күнделікті өмірде маңызды рөл атқаратынын түсінді.
Шара студенттердің өзін-өзі тануына, психологиялық тұрақтылығын арттыруға және жағымды ойлауға ықпал етті.





