Ағымдағы жылдың 18 қараша күні «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының психологі Жиенбаева Бұлбұл Бибіталықызы №31 қазақ орта мектебінің 10-сынып оқушыларына «Стресті жеңу жолдары» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты – оқушыларға стресс жағдайларын жеңуге көмектесу, өз эмоцияларын басқаруды үйрету және психологиялық әл-ауқатын нығайту.
Оқушылар тренингтен көптеген пайдалы ақпарат алды, стрессті басқарудың жаңа әдістерін үйренді және өз эмоцияларына көңіл бөлу керектігін түсінді.







