Өткізілген күні: 30.09.2025 ж
Темір ауданы, Шұбарши орта мектебінің педагог-психологы Гулзина Сәрсенбаева
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес Темір ауданы мамандарының іс-тәжірибесін тарату мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептердің педагог-психологтарына арналған семинар-практикум өтті.
Іс-шара педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, жаңа технологияларды тәжірибеге енгізу және жұмысты жетілдіруге бағытталды. Модератор орталықтың бөлім меңгерушісі Майра Сәрсенғалиева болды.
Орталық директорының міндетін уақытша атқарушы: Меруерт Жұбандықова қатысушы білім беру саласында үздік тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Семинар барысында Шұбарши орта мектебінің педагог-психологы Гулзина Сәрсенбаева оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістемелерді таныстырды.
«Балауса» бөбекжай-балабақшасының педагог-психологы Гүлзат Жұмабаева тиімді әдіс-тәсілдері және шығармашылық ізденістерімен бөлісті. Семинар педагог-психологтардың кәсіби дамуына, тәжірибе алмасып, жаңа идеяларды жүзеге асыруына мүмкіндік берді.
https://www.instagram.com/reel/DGDhdJKIhLG/?igsh=MWVibHhkcDJ0aGhvaQ==
«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Л.Бердибеков



