Бердібекова Лаура Қуантайқызы 1971 жылы 15 желтоқсан күні Шалқар ауданы, Бершүгір сатанциясында дүнеиеге келген. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында әдіскер болып қызмет жасайды.
1994-1999 жыл аралығында Қ.Жұбанов атындағы педагогикалық университетін аяқтап «Еңбек және сызу» пәні мұғалімі мамандығын алып 1994 жылы Ақтөбе қаласында №64 бала-бақшада тәрбиеші болып, педагогикалық еңбек жолын бастады. 2000-2014 оқу жылдарында үш тілде білім беретін №21 мектеп-гимназиясында еңбек пәні мұғалімі қызметін атқарды.
2014 жылы Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің магистратура бөліміне түсіп, педагог-психолог мамандығы бойынша магистр дәрежесін алып шықты.
2014 – 2105 оқу жылынан бастап Ақтөбе қаласының №30 жалпы білім беретін орта мектебінде педагог-психолог қызметін бастады. Қызмет аясында 2014 оқу жылынан бастап 11 сынып білім алушыларына арналған «Мен және менің болашағым» атты психологиялық қолдау сабағын бастады.
2016-2017 оқу жылында «Монтессори педагогикасын бастауыш сынып балаларына қолдану» тақырыбында қала мектептерінің педагог-психолог мамандарына шебер сынып сағаттарын өткізді. Мақсаты: бастауыш класс балаларының ұсақ қол моторикасын дамытуға арналған. Кәсіби байқауларға қатысып, өзінің білімін шыңдап, жетістіктерге жетіп жүрген тәжірибелі маман.
2018 жылы қалалық ғылыми әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Ең үздік психолог – 2018» қалалық байқауының І орын иегері атанды.
Қазақстан қолөнершілер одағының ұсынысымен қоғамдағы белсенді сіңірген еңбектері үшін Президент жарлығымен 2019 жылғы №12903, 29 қарашадағы бұйрығына сәйкес Шапағат медалімен наградталды.
2023 жылы Ақтөбе-Дарын ӨҒТҚББО орталығының ұйымдастыруымен «Creative — дивергентті психолог» облыстық онлайн байқауында «Практик-психолог» номинациясы бойынша кәсіби шеберлігін көрсеткені үшін І диплом иегері болды.
2023 жылы Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының қалалық кезеңінде «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша үздік нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломға ие болды.
2017 жылы Астана қаласынан «Келешек» психологиялық орталығынан 144 сағат көлемінде «Отбасы психологы» тақырыбында сертификатын алып, осы бағытта білім алушыларға, ата-аналарға отбасы психологиясы, еңбек психологиясы, отбасы құндылықтары және психодрама техникаларын қолдана отырып, кеңес беру қызметтерін жасап отыр.



