11 қараша күні “JAN AHUAL” психологиялық қолдау орталығының жылдық жоспарына сәйкес «Қолдау және белсенді тыңдау»(зорлық-зомбылық, буллинг, жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу) тақырыбында класс жетекшілерге арналған семинар өткізілді.
- 🎯 Семинардың мақсаты – педагогтерге оқушылармен тиімді қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту, психологиялық қолдау көрсету мен белсенді тыңдау тәсілдерін меңгерту, сондай-ақ білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алуға бағытталған бірлескен әрекетті күшейту.
🧠 Іс-шара барысында қатысушылар практикалық тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасып, оқушыларға эмоционалды және психологиялық тұрғыда қауіпсіз орта қалыптастыру жолдарын талқылады.





