Басты бет / Ерекше білім беретін балалардың дамуына қолдау көрсету

Ерекше білім беретін балалардың дамуына қолдау көрсету

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Ақтөбе қаласы, №40 жалпы білім беретін орта мектебінде «Ата-аналар мен мамандардың бірлескен ынтымақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға»JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері,  педагогика ғылымдарының магистрі — Бердибекова Лаура Куантаевна, қалалық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация КММ-нің   врач- психиатры Удербаева Гаухар Мелисовна, логопед —  Джумабаева Мамик  Молдашевна, психолог- Жубалова  Динара  Марзабаевна, дефектолог — Кульжанова Айгуль  Адельжановна,  АО «Отбасы банк» маманы — Снасапина Альбина Сергалиевна,  ерекше білім беруді қажет ететін балалардың ата-аналары,  мектеп әкімшілігі, педагогтар, психологтар, дефектологтар қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты – балалардың жеке дамуын қолдау жолдарын талқылау, ата-аналар мен мамандар арасындағы тиімді серіктестікті қалыптастыру және тәжірибе алмасу болды.

Шара барысында қатысушылар ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға көрсетілетін қолдаудың түрлерін, оқу-тәрбие процесіндегі бірлескен жұмыстың маңызын және тиімді әдістерді қарастырды. Сонымен қатар ата-аналар өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандардан ұсыныстар алды.

Дөңгелек үстел ата-аналар мен мамандар арасындағы өзара түсіністікті арттырып, бала дамуына бағытталған ортақ міндеттерді айқындауға мүмкіндік берді.

Scroll to Top