Басты бет / №2 гимназияда ‘JAN AHUAL’ кездесуі

№2 гимназияда ‘JAN AHUAL’ кездесуі

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

23 қазан 2025 жыл №2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілі Мәзін Мира Жексенқызы және «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Б.Қосмағамбетова 8–11 сыныптың қыз балаларымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында отбасылық құндылықтарды насихаттау, репродуктивті денсаулықты сақтау және ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесудің мақсаты: репродуктивті денсаулықты сақтау, ерте жүктілік пен жыныстық қолсұғылмаушылықтың алдын алу бойынша оқушылардың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ дұрыс ақпарат пен өмірлік дағдыларды қалыптастыру арқылы жасөспірімдердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Б.Қосмағамбетова оқушылармен «Үлгі үйдің қыздары» атты психологиялық жаттығулар өткізіп, қыздарға өмірлік бағыт-бағдар беретін ақыл-кеңестер айтты. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Scroll to Top