
5 ақпан күні «Инсайт» ресурс клубы жобасының жоспарына сәйкес педагогтермен «Бояулар әлемі» тақырыбында арттерапия өткізілді. Мақсат — педагогтердің эмоционалдық күйін тұрақтандыру, психологиялық ресурстарын нығайту және шығармашылық арқылы ішкі күйзелісті жеңуге қолдау көрсету. Арттерапияға 25 педагог қатысты.



