Мен, Космагамбетова Ботагоз Айтпаевна, 1984 жылдың 27 шілдесінде Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қосөткел ауылында дүниеге келдім. Қазіргі таңда Ақтөбе қаласында «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығында әдіскер болып қызмет атқарамын. Сонымен қатар психодрама терапевт, психодраматист және МАК-тренер мамандығы бойынша жұмыс жүргіземін. 2001 жылы Ақтөбе педагогикалық колледжіне оқуға түсіп, 2004 жылы «Бастауыш сынып мұғалімі, қосымша информатика» мамандығы бойынша бітірдім. 2005 жылы Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» факультетіне қабылданып, 2008 жылы «Педагогика және психология» мамандығы бойынша жоғары білім алдым. Еңбек жолымды 2004 жылы Қобда ауданы, Калиновка орта мектебінде психолог болып бастадым. 2018 жылы №30 қазақ орта мектебінде педагог-психолог қызметін атқардым. Санатым — педагог-сарапшы. Еңбек өтілім — 21 жыл.
Жетістіктерім:
- 2019 жыл – «Үздік психолог» қалалық байқауы, I орын
- 2019 жыл – «Үздік психолог» облыстық байқауы, II орын
- 2019 жыл – «Үздік авторлық бағдарлама» номинациясы («Жыл психологы» республикалық конкурсы)
- 2024 жыл – Құрмет грамотасы (Білім және ғылым жүйесін жетілдіруде қоғамдық жастар бастамаларын қолдау)
Отбасылық жағдайым: тұрмыстамын. Жолдасым, бір қызым және бір ұлым бар.
Мекенжайым: Ақтөбе қаласы, Мира көшесі, 5-үй
Байланыс телефоны: 8 705 377 13 35



