Сеитова Гулжанат Жексенкызы
"JAN AHUAL" психологиялық орталығында әдіскер
Сеитова Гулжанат Жексенқызы 1987 жылдың 31 тамызында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2008 жылы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетін «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша тәмамдап, еңбек жолын Алға ауданы, Бестамақ орта мектебінде бастады. 2018 жылы аталған жоғары оқу орнында «Педагогика және психология» мамандығын аяқтап, 2016 жылы Бестамақ орта мектебінде педагог — психолог қызметін атқарды. Санаты: педагог – сарапшы.
2025 жылдың қыркүйек айынан бастап «JAN AHUAL» психологиялық орталығында әдіскер қызметін атқарады.
Отбасы бар, 4 баланы тәрбиелеуде.



