Басты бет / Когамбаева Алмажан Тлеубаевна

Когамбаева Алмажан Тлеубаевна

Мемлекеттік рәміздер

ҚР елтаңбасы

ҚР туы

ҚР Әнұраны

Видео

Орналасқан жері

Когамбаева Алмажан Тлеубаевна
"JAN AHUAL" әлеуметтік педагогы

Мен, Когамбаева Алмажан Тлеубаевна 1973 жылы 9 мамырда  Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге келдім.

1-11 класс аралығында Ақтөбе қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының 1990 жылы мамандандырылған «Педагогика» сыныбын бітірдім.

 
Алған білімдерім:

1991 жылы Ақтөбе педагогикалық училищесіне «Еңбек пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша.

2015жылы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша.

2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы АӨМУ-нің «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша.

1992 жылы Қобда ауданының азаматы Орынғали Калдыбаевпен отбасын құрдым. 1993 ж, 1998ж, 2005жж  дүниеге үш ұлым келді. 2017 ж жолдасым қайтыс болды.

1994 — 2004 жылдар аралығында Қобда №15 кәсіптік техникалық мектебінде қызмет атқардым: өндірістік оқу шебері, «Тігін өндірісінің негіздері» мамандығының мұғалімі.

2009-2024 жж аралығында Шалқар қаласында №8 ЖОББМ-де үздіксіз қызмет атқардым. Технология пәнінің мұғалімі: Біліктілік ІІ, І, жоғары санаттарын иелендім. 2017 жылдан бастап Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметіне ауыстым, 2018ж «Педагог-модератор», 2024ж «Педагог-сарапшы» біліктілік санаттарын алдым.

Сонымен қатар әр жылдарда директордың тәрбие ісі жөніндегі, оқу ісі жөніндегі орынбасарлар қызметтерін де қоса атқардым. Осы аралықта облыстық, республикалық кәсіби байқаулардың, шығармашылық және «Зерде» ғылыми жобаларының жеңімпазы атандым, сонымен қатар БАҚ-да, ғылыми конференцияда материалдарым, әдістемелік құралдарым шықты. Әр кезең және деңгейлер бойынша курс, семинарлардан өттім. Шалқар аудандық білім бөлімінің, Ақтөбе ылыми-тәжірибелік орталықтың, Республикалық «Дарын» орталығының, Ақтөбе облысы білім басқармасының марапаттары мен дипломдарын иеленіп, әр жылдары аудандық, облыстық кәсіподақ ұйымынан шипажайға жолдамалар алдым.

2024жылдың 15 тамыз айында «JAN AHUAL» ПҚО әлеуметтік педагог қызметіндемін.

Scroll to Top